2 қабат
"Халықаралық журналистика мектебі" 2023 жылы "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" медиа-холдингімен ынтымақтастықта ашылды. Қазіргі уақытта мектепте "Халықаралық журналистика" және "Журналистика: аналитика және зерттеу" атты екі білім беру бағдарламасы бар.

Халықаралық журналистика мектебінің студенттеріне жақында бірнеше сұйық кристалды дисплейлермен, жаңа компьютерлермен және эргономикалық жұмыс станцияларымен қайта жабдықталған Media Hub және Media Laboratory қолжетімді. Олар ақпараттық технологиялар саласындағы көптеген жаңа ресурстармен, атап айтар болсақ, мультимедиялық-аппараттық және бағдарламалық қосымшалар, деректерді визуализациялау қосымшалары, аудиовизуалды өңдеу және өндіріс жүйелері, мазмұнды басқару және веб-жариялау құралдарымен қамтамасыз етілген. Жақында жаңартылған MNU кітапханасы бағдарламалық жасақтаманы өңдеу бағдарламаларының кең ауқымын, бейнежабдықтарын және толық техникалық қолдау қызметін ұсынады.

Сонымен қатар Халықаралық журналистика мектебінің аумағы Жабдықтармен қаматамасыз етілген бөлмеден, Медиа өңдеу зертханасынан, Жаңалықтар ашық алаңы мен Подкаст аймағынан тұрады. Білім алушылар дайындаған материалдар жарықдиодты экранда таратылады.

Мектеп оқытушылары - шетелдік академиялық білімі және медиа индустрияда жұмыс тәжірибесі бар кәсіби мамандар. Атап айтар болсақ, Columbia университетінің, New York Film aкадемиясының, Michigan мемлекеттік университетінің, Bilkent университетінің, New York университетінің, Leeds университетінің, Glasgow университетінің түлектері Халықаралық журналистика мектебінің студенттеріне сабақ береді.

Жаңалықтар