Каргашев Расул Каргашевич
Құрметті студенттер,
Maqsut Narikbayev University-дің «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» медиа-холдингімен ынтымақтастықта ашқан, уақыт талабына жауап беретін жаңа мектебі - Халықаралық журналистика мектебіне қош келдіңіздер!
Бұл – сіздердің журналистика және бұқаралық ақпарат құралдары әлеміне саяхаттарыңыздың бастауы. Бұл жол алғашында ұзақ болып көрінуі мүмкін. Үш жыл ішінде сіз аудио/бейне өңдеу бағдарламалық жасақтамасын игересіз; кәсіби жабдықпен жұмыс істеуді, жаңалықтар таратуды үйренесіз; контенттің қандай қағида бойынша жасалатынын, мәтіндердің қалай жазылатынын және өңделетінін түсінесіз. Сіз мәдениетті, қарым-қатынасқа түсу қабілеті бар кәсіби маман болуға дағдыланып, әртүрлі жағдайда және әртүрлі жерде жұмыс істеуге дайын журналист болып шығасыз.
Мұның бәрін іске асыруға үлес қосатын – сіздерді оқытатын оқытушылар құрамы. Олар – шетелдік академиялық білімі бар сала мамандары әрі жергілікті, халықаралық жаңалықтар мәнмәтініндегі сарапшылар. Сіздерде күн сайын жаңалықтар жасайтын мамандардан білім алуға мүмкіндік болады.
Мұнда, Халықаралық журналистика мектебінде, біз этикалық, тура, объективті, адал және тәуелсіз журналистика қалыптасатынына сенеміз. Егер бұл құндылықтар сіздердің құндылықтарыңызбен сәйкес келсе, онда дұрыс жердесіздер.
Егер сұрақтар туындаса, маған электрондық пошта арқылы хабарласыңыз kargashev@kazguu.kz
Бізбен бірге болғаныңыздарыңыз үшін рақмет! Оқуда сәттілік тілеймін!

Құрметпен,
Каргашев Расул Каргашевич
Директордың (Деканның) міндетін атқарушы
Айдарбеков Айдие
Сәлеметсіз бе! Халықаралық журналистика мектебіне қош келдіңіз!

Менің аты-жөнім Айдарбеков Айдие, Халықаралық журналистика мектебі білім беру бағдарламаларының жетекшісімін. Бұл мектеп - тек MNU-дағы және Астанадағы ғана емес, жалпы Қазақстандағы болашағы ең жарқын мектептердің бірі.

"Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" медиа-холдингінің қолдауынан бөлек студенттеріміздің оқуды бітіргеннен кейін болашақ мансабын құрудағы табысының кілті - біз ұсынатын мүмкіндіктердің бірі болып табылады. Білім алушылар оқу барысында тәжірибеге бағытталған үш жылдық бағдарламаға ғана емес, сонымен қатар студенттердің жарқын өміріне, тағылымдамаларға, түрлі іс-шараларға және кәсіби дағдыларды игеру мүмкіндіктеріне ие болады. Ең бастысы, олар өздерінің ең жақсы қасиеттері мен дағдыларын көрсете отырып, нағыз достар мен болашақ әріптестерін табады.

MNU командасы ретінде біз күшті, сенімді, білімді, тәуелсіз және кәсіби журналистің дағдыларын дамытуға бағытталған өзекті және өте маңызды пәндерді қамтитын білім беру бағдарламасын мұқият әзірлеуге көп уақыт жұмсадық. Мен сіздерді көргеніме шын жүректен қуаныштымын және сіз біздің отбасымыздың - Халықаралық журналистика мектебінің бір бөлігі боласыз деп үміттенемін.